Сандық карталардың картографиялық материалдарын өзектендіру
М 1:100 000 масштабтағы Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл областарының террирториясында сандық карталардың картографиялық материалдарын өзектендіру бойынша жұмыстар атқарылды.
Жұмысты орындау кезінде өзекті жоспарлы-картографиялық материалдар мен Жерді қашықтықтан зондтау, яғни әр түрлі анықтықта территориялардың ғарыштық суреттері қолданылды.
Easy Trace және ArcGIS бағдарламалық өнімдердің көмегімен векторизациялау, топологиялық түзету және объектілерді кодтау жүргізілді. Сонымен қатар, деректердің орын ауыстыру және бірыңғай геоақпараттық қорына бірігу, нормативті-техникалық талаптарға сай объектілерді қабат бойынша топтау және электронды сандық карталарды өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Барлық жобаларға оралу