Базалық және облыстық деңгейдегі МҚҚК ААЖ-нің Web - интерфейсін құрастыру
2014
МҚК Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесін біріктірілген ақпаратпен қамтамассыз етеді, және архитектураның, қала құрылыс және барлық елдімекендерді, әкімшілік аудандарының, облыстың және жалпы Қазақстан Республикасының территорияларының дамуы және басқа кадастрлармен өзара әрекеттесуі бойынша мемлекеттік басқарудың ақпараттық негізі болып табылады.
Қала құрылыс кадастрының құрамына келесі заттар кіреді:
- * Қала құрылыс құжаттамасы (бас жоспар, кварталдарды, ықшам-аудандарды жоспарлау жобасы, құрылыс жобалары);
- * Құрылыс ережелері;
- * Картографиялық материалдар;
- * Геология бойынша мәліметтер;
- * Территорияның экологиялық жағдайы бойынша мәліметтер;
- * Территорияның кадастрлық аймақтандыру;
- * Құрылысқа жер учаскелерін бөлу;
- * Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін сақтап қалу;
- * Салынып тұрған объектілер тізімі;
- * Қаланың инженерлік қамсыздандыру бойынша бас сұлбалар;
- * КТС;
- * Территорияларды межелеу жобасы;
- * Су қорғау аймағы жобасы;
- * Қала құрылыс кадастрды жүргізудің автоматтандырылған жүйесі, және т.б.
- Қала құрылыс кадастрын құрастыру келесі жұмыстарды қамтиды:
- * Тұжырымдаманы, бағдарламаны, жобаларды құрастыруларды әзірлеу;
- * Құқықтық, нормативті және әдістемелік қамсыздандыру;
- * Кадастр құрылымының функцияландыруын ұйымдастыру (қызметтер мен ұйымдарды басқару);
- * Бағдарламалық-техникалық кешендерді жасау, ақпаратпен қамтамассыздандыру;
- * Ақпараттық пен коммуникациялық жүйелерді жасау, кадрлық қамсыздандыру.
Барлық территорияларда Қазақстан Республикасының МҚК ААЖ қолданып МҚК жүргізу кадастрлық объектілер туралы келесі мәліметтерден құралады:
- * Нақты жағдайы, қолданулуы, қолдану шарты, территорияның қала құрылыс құндылығы, қала құрылыс тәртіптері мен, территорияларды қолдану туралы;
- * Территорияларды қолдану және қала құрылыс тәртіптеу бойынша құқықтық, нормативтік, жобалық және іздеушілік құжаттамалар туралы;
- * Мемлекеттік органдардың билігі және жер учаскелерді қолдану немесе меншікке алуға болатын жергілікті өзін өзі басқару, территориялық элементтер, ғимараттар (құрылыстар), инженерлік-көліктік қатынастарды меншікті қолдануға құқығы бар заңды және жеке тұлғалар, қала құрылыстың шарттарын қолдануды ұстану үшін жауаптылар туралы.
Мемлекеттік қала құрылыс кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің негізгі функциялары:
- * Қала құрылыс кадастрын жүргізудің бірыңғай жүйесі, оның ішінде елдімекен және қала құрылыс тәртіптерінің территориялары туралы ақпараттарды жинау, қадағалу, жаңарту;
- * Қала құрылыс кадастрының бірыңғай графикалық және атрибуттық деректер қоры;
- * Қала құрылыс деректерінің мұрағатын жүргізу;
- * Қолданушылардың сұраныстарымен жұмыс істеу;
- * Атқарушылық және анықтамалық кадастрлық құжаттамаларды (қала құрылыс кадастрының объекті, субъекті бойынша құжаттар, т.б.) жасау және шығару;
- * Бірнеше қолданушылар жүйесінде бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі.
Барлық жобаларға оралу