Қазақстан Республикасының МЖК ААЖ жүйелерін құрастыру және техникалық қолдау көрсету
Жұмысты орындау барысында ҚР МЖК ААЖ ішкі жүйелері қайта құрастырылып жетілдірілді, сонымен қатар МЖК ААЖ атрибутивті және графикалық бөлімдерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
МЖК ААЖ графикалық ішкі жүйесінің жаңа функционалы құрастырылды, деректер қорының құрылымына, қолданушы интерфейсіне, есептер формасына және сәйкестендіруші құжаттарға өзгертулер енгізілді. Нормативті-құқықтық деректердің өзгеруіне сәйкес құқықтық актілерге сәйкес шығу, есеп беру және ішкі құжаттардың формаларына өзгерістер енгізілді. Басып шығару және деректер қорында өзгертілген құжаттарды сақтау ішкі жүйесі қайта құрастырылды.
Қазақстан Республикасының территориясында жер телімдері, жердің топырақтық және геоботаникалық сипаты туралы ақпаратты беретін геопортал құрастырылды.
Барлық жобаларға оралу