Қызылорда қаласының базалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылыс кадастрының Автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйесін құрастыру


2010

Қызылорда қаласының МҚҚК ААЖ құрастыру кезінде қағаз негізінде берілген  жоспарлы-картографиялық негіздер, бас жоспар, ЖБЖ, қала құрылыс регламенттері және т.б. материалдар жиналды, түсіріліп алынды және өңделді. Электронды картаның қабаттары және геоақпараттық деректер қорының құрылымы құрастырылды. Құрамында 100-ден астам тақырыптық қабаттары бар қаланың электронды векторлы картасы құрастырылды. Жоғары рұқсаты бар ЖҚА-космосуреттер материалдарын қолдану арқылы негізгі қала құрылыс элементтер, көше-жол тораптары, ғимараттар мен құрылыстар материалдары өзектендірілді.  Инженерлік желілер мен коммуникацияларды өзектендіру мен анықтау бойынша дала жұмыстары жүргізілді. 

Әділет департаментінен алынған деректерді қолдану арқылы ғимараттар мен құрылыстардың негізгі техникалық деректері енгізіліп өзектелінді және мекен-жай регистрі деректерін байландыру жүргізілді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қимасындағы электронды картаның тақырыптық қабаттары яғни білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдениет объектілері және т.б. құрастырылды. Барлық объектілер бойынша негізгі техникалық және экономикалық сипаттамалар жинақталып енгізілді.  


Барлық жобаларға оралу